04 Сәуір, 2015

Сабина Алтынбекова Президенттің сенімді өкілі болды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-0415-altynbekova-1

АСТАНА. 4 сәуір. Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова президент сайлауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілі болды. Бұл туралы vaktobe.kz сайты хабарлады. Орталық сайлау комиссиясынан хабарланғандай, кандидет сенімді өкілді өзі белгілеуге құқылы. Оларды өзінің қалауынша сайлау учаскелеріне бөле алады. Бірақ белгілі бір сайлау округіндегі әр сайлау учаскесіндегі сенімді өкілі саны үш адамнан аспауы тиіс. Ал сенімді өкіл ретінде тіркелгеннен кейін оған сайлау комиссиясы тиісті куәлігін береді. Қазақстанда президент сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірде өтеді. Мемлекет басшысының орынтағына сондай-ақ өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен Коммунистік партияның өкілі Тұрғын Сыздықов таласады. Сәкен Майлыбай. Мәнбе, сурет: vaktobe.kz.