Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Арнайы уәкілі, Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен келіссөз жүргізді және алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысуға Рим Папасы Францискке, Мемлекеттік хатшы Пьетро Паролинге және кардинал Жан Луи Торанға шақыруды табыс етті. Діни форумның 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетіні мәлім.
Сенатор съезге жан-жақты қолдау білдіргені үшін Мемлекеттік хатшы мен Ватиканның жоғары басшылығына ризашылық білдірді және Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастар өзара түсіністік пен сенімге негізделген сындарлы іс-қимылдың өнегесі болып табылатынын атап өтті.
«Қазақстан 100-ден астам ұлт пен 17 конфессия өкілдері бейбіт және келісіммен өмір сүретін көпұлтты ел. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуда зор рөл атқарады. Қазақстан үшін толеранттылық қағидасы мемлекеттік саясаттың ажырамайтын бөлшегі болып отыр. Өркениеттер үнқатысуындағы Батыс пен Шығыс арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтылыс бізді қанаттандырады», деп атап өтті И.Адырбеков.
Мемлекеттік хатшы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысуға шақырғаны үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа алғысын білдірді және Ватикан форум жұмысына алдағы уақытта да белсенді қатысатынын жеткізді.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше