ОРАЛ. 1 шілде. Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Асан ауылындағы ат спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі базасында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан жастар арасында ел чемпионаты мәреге жетті. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Көкпардың финалында қызылордалықтардан басым түскен оңтүстікқазақстандықтар жеңімпаз атанды. Үшінші орынды батысқазақстандықтарды 5:2 есебімен ұтқан Жамбыл облысының командасы иеленді. Аударыспақтан өз салмақ дәрежелерінде оңтүстікқазақстандық Еламан Пернебек (50 кг.), қызылордалық Бердібек Жорабек (60 кг.), ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов (70 кг.), оңтүстікқазақстандық Есімхан Рахматулла (80 кг.), ақтөбелік Саят Сатым (+80 кг.) жеңіс тұғырына көтерілді. Теңге ілуден ақтөбелік Әлихан Бәшенбай үздік шықса, жамбы атудан оңтүстікқазақстандық Ералхан Айкөз алдына жан салған жоқ.
Жарыстың жабылу рәсімінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ата-бабамыздан бері үзілмей жалғасып келе жатқан ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамытудың қажеттігін атап көрсетіп, барлық командаларға алғысын айтты. Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Рамазан Сәттібаев жарысты өткізуге белсене атсалысқан азаматтарға ұлттық спорт түрлері федерациясының алғысхаттарын табыс етті. Оның сөзіне қарағанда, жарыс қорытындысына сәйкес ұлттық құрама жасақталатын болады.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 01 Шілде, 2015
Батыс Қазақстанда ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өтті

«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14
Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48