Бүгінгі жаһандану дәуірінде үлкен-кіші «сиқырлы сандыққа» үңіліп, жер-жаһандағы жаңалықтарды білуде. Мұның жақсылығы көп болғанымен, кері әсері тиіп жатқан тұстар да жоқ емес. Өйткені, бүгінде жұрт кітапты өте сирек оқиды. Кітапханадағы оқырмандардың тізіміне көз жіберсең, мектеп оқушылары, бала-шаға...
Бірақ, осы үдерісті теріске шығаратын жайттың де куәсі болдық. Мәскеу қаласының тұрғыны Надежда Холопова жаз айында Қазталов ауылында тұратын анасы Валя апайға қыдырып келгенде, бірінші баратын жері – аудандық кітапхана екен. Аз ғана шегініс. Надежда Холопова Қазталов ауылының байырғы тұрғыны, көп жыл ұстаздық қызмет жасаған Владимир Холоповтың келіні екен.
Ал Надежданың анасы Валя апай бүгінде Қазталов ауылында бақуатты тұрмыс кешуде. Валя апаймен сөйлесе қалсаңыз, қазақшасымен қазақтарды «сүріндіреді». Ал Надежда өзінің 7 жасар қызы Викториямен жаз айында келгенде кітапханада болуды дағдыға айналдырған. Мақсаты – қазақ тіліндегі кітаптарды қызына оқытып таныстыру екен. Ал өзі қазақша еркін оқып, еркін сөйлейді.
Надежданы әңгімеге тартқанда, ол: «Мен осы ауылда туып-өстім. Қазір Мәскеу қаласында тұрамын. Жастайымнан қазақ тілінің нәрімен сусындадым. Өте сұлу да бай тіл. Қазіргі күнде Мәскеуде бұл тілдің ортасы болмаған соң жұбайым Коля екеуміз тілді сағынғанда үйде қазақша да сөйлесіп аламыз. Ал анам Валяға жазда қыдырып келгенде қазақ тілінде сөйлеп, бір жасап қаламын. Қызым Викторияны ата-анасының кіндік қаны тамған елдің тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін білсін деп әдейі кітапханаға жыл сайын алып келемін. ...Айтпақшы, жастық шағымыз, Колямен алғашқы кездесудегі махаббат туралы сөздер қазақ тілінде айтылып еді», – деп күліп қойды Надежда апай.
Міне, осындай ана тілімізді қадірлеген, тек қадірлеп қана қоймай, қызын да үйретіп жүрген Надеждадан үлгі алуға әбден болады.
Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ.
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы.

«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14
Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48