АСТАНА. 1 сәуір. Бүгін, наурыздың 31-нен сәуірдің 1-не қараған түні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Мәскеу түбіндегі Химки қаласында Ресейдің бас командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын орташа деңгейде өтті. Алаңда жан беріп, жан алысқан тартыс көрінбеді. Әйткенмен, біздің құрама ойыншылары мұның алдындағы Исландиямен кездесуге қарағанда, сөз жоқ, бұл жолы біршама тәуір ойын көрсетті. Әсіресе, Бауыржан Исламхан мен Ұлан Қонысбаев белсенділіктерімен ерекше көзге түсті. Осы жерде айта кететін жәйт, бұдан үш күн бұрын біз Бауыржанның Исландиямен өткен ойындағы жанкештілігіне де тәнті болған едік.
Матч барысында қақпашы Станислав Покатилов ерекше шеберлігімен көзге түсті. Ол осы жолы ұлттық құрама сапында старттық құрамда алаңға алғаш рет шығып отырғанына қарамастан, бірнеше рет шебер ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластардың айтарлықтай қауіпті соққыларына тосқауыл бола білді.
Бұдан бөлек, Георгий Жуков та бірінші рет ұлттық құраманың намысын қорғағанын айта кетуіміз керек.
Кездесудің бірінші бөлігінде алаң иелерінің есеп ашатын біраз мүмкіндіктері болды. Соның бірінде айып соққысын орындаған Александр Самедовтің аяғынан ұшқан допты қақпа маңдайшасына тиіп, кері қайтты.
Ал екінші таймда біздің ойыншылар белсенділік көрсетті. Олар ойын барысында үш бірдей мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Алдымен Исламхан қақпашымен бетпе-бет шығып, допты қиыс тепсе, Тоқтар Жаңғылышбай екі мәрте бос қақпаны көздей алған жоқ. Осы ретте командада шабуылға нүкте қоя алатын ойыншының жетіспейтіні анық байқалады.
Жалпы, матч кезінде Ресейдің соншалықты өткір шабуылдарын көре алмадық. Алаң иелерінің бас бапкері Фабио Капелло сондықтан алты ойыншысын алмастырып, ойынды қыздыруға күш салып бақты. Бірақ көздеген мақсатына жете алмады. Ал қазақстандықтардың бас жаттықтырушысы Юрий Красножан төрт ойыншыны ғана тыңнан қосты.
Айналып келгенде, екі жақтан да ерекше бір гол соғатын мүмкіндіктер бола қоймаған кездесу ақыры есеп ашылмаған күйі аяқталды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: khabar.kz.
Ресей – Қазақстан 0:0
31 наурыз. Химки. «Химки-Арена» стадионы. 9 500 көрермен.
Төреші: Алексей Кульбаков (Беларусь).
Ресей: Юрий Лодыгин, Георгий Щенников (Эльмир Набиуллин 71), Василий Березуцкий (Роман Зобнин 22), Алексей Козлов, Иван Новосельцев, Руслан Камболов, Дмитрий Торбинский (Денис Давыдов 63), Александр Рязанцев (Магомед Оздоев 46), Александр Самедов, Артем Дзюба (Игорь Портнягин 46), Максим Канунников (Дмитрий Ефремов 80).
Қазақстан: Станислав Покатилов, Марк Гурман, Сергей Малый, Самат Смақов, Дмитрий Шомко, Константин Энгель, Бауыржан Исламхан, Юрий Логвиненко, Ұлан Қонысбаев (Жақып Қожамберді 77), Георгий Жуков (Абзал Бейсебеков 86), Бауыржан Жолшиев (Тоқтар Жаңғылышбай 43, Алексей Щеткин 82).
Ескерту: Бауыржан Жолшиев 17.

Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты
Ғылым • Бүгін, 16:57
Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:48
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Хоккей • Бүгін, 16:42
Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:35
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді
Спорт • Бүгін, 16:26
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 16:07
Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:54
15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 15:22
Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған
Экономика • Бүгін, 15:21
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:04
«Терезе - SAFE»: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?
Балалар • Бүгін, 14:30
Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді
Технология • Бүгін, 14:29
11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 14:10