Биылғы маусымда «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық турнирінде табысты өнер көрсетіп, сол жарыстың жалпы кезеңіне қатысу құрметіне ие болды. Бұл – тарихи оқиға. Өкінішке қарай, алматылықтар қарт құрлықтың көкжалдарымен тең дәрежеде айқаса алмады. Олар сегіз ойынының жетеуінде ұтылып, бір рет тең түсті. Нәтижесінде, жарыс кестесіндегі ең соңғы, 37-орында қалып қойды. Дегенмен, осы межеге жеткені үшін «Қайрат» қаржылық тұрғыдан біраз пайдаға кенелді. Қайрат Боранбаевтың командасының есепшотына 21,2 млн еуро аударылды.
Еуролигада олжаға молынан кенелгендер арасында Англия алда. Жалпы кезеңде олардың тоғыз клубы өнер көрсетті. Соның арқасында ағылшындар 676,0 млн еуро еншіледі. Сондай-ақ ТОП–5-тіктің қатарында мынадай елдер бар: Испания (8 клуб) – 446,2 млн, Германия (7 клуб) – 386,8 млн, Италия
(7 клуб) – 315,7 млн, Франция (7 клуб) – 310,7 млн.
Осы орайда еліміз футболда жеңіспен өрілген бай дәстүрі бар Украина (21,1 млн, 2 клуб), Мажарстан (19,4 млн, 1 клуб), Сербия (19,0 млн, 1 клуб), Румыния (14,0 млн, 2 клуб), Швеция (11,9 млн, 2 клуб) сынды іргелі мемлекеттерден біршама көп табыс тапқанын айта кеткен жөн.