Спорт • Бүгін, 09:26

«Қайраттың» табысы – 21,2 миллион еуро

1 мин
оқу үшін

УЕФА биыл Еурокубокқа қатысқан барлық команданың қанша табыс тапқанын есептеп шығарды. Олжаға кенелген 39 мемлекеттің арасында еліміз 21-орында.

«Қайраттың» табысы – 21,2 миллион еуро

Биылғы маусымда «Қайрат» Чем­пиондар лигасының топтық турнирінде табыс­ты өнер көр­сетіп, сол жарыстың жалпы кезеңіне қатысу құрметі­не ие болды. Бұл – тарихи оқиға. Өкінішке қарай, алма­тылықтар қарт құрлықтың көк­жал­дарымен тең дәрежеде айқаса алмады. Олар сегіз ойынының жетеуінде ұтылып, бір рет тең түсті. Нәтижесінде, жарыс кестесіндегі ең соңғы, 37-орында қалып қойды. Дегенмен, осы межеге жеткені үшін «Қайрат» қаржы­лық тұр­ғыдан біраз пайдаға кенелді. Қайрат Боранбаевтың коман­да­сының есепшотына 21,2 млн еуро аударылды.

Еуролигада олжаға молынан ке­нел­гендер арасында Англия алда. Жалпы кезеңде олардың тоғыз клубы өнер көрсетті. Соның арқа­сында ағылшындар 676,0 млн еуро еншіледі. Сондай-ақ ТОП–5-тік­тің қатарында мынадай елдер бар: Испания (8 клуб) – 446,2 млн, Гер­ма­ния (7 клуб) – 386,8 млн, Италия

(7 клуб) – 315,7 млн, Франция (7 клуб) – 310,7 млн.

Осы орайда еліміз футболда же­ңіспен өрілген бай дәстүрі бар Украина (21,1 млн, 2 клуб), Мажарстан (19,4 млн, 1 клуб), Сербия (19,0 млн, 1 клуб), Румыния (14,0 млн, 2 клуб), Швеция (11,9 млн, 2 клуб) сынды іргелі мемлекеттерден біршама көп табыс тапқанын айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың шежірелі тастары

Аймақтар • Бүгін, 09:37