Бұл туралы Бас Прокурор Қайрат Мәмидің төрағалығымен Атырауда өткен құқық қорғау және өкілетті мемлекеттік органдардың кеңейтілген кеңесінде қадап тұрып айтылды
Ел саясатын жүзеге асыруда мемлекет мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларын орындаушы ретінде елімізде саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін құқықтық органның бірі прокуратура органдары болып табылады. Ал бұл орган қызметінің табысты да сәтті болуы оның әлеуметтік жағдайының шешілуіне байланысты қамтамасыз етілетіні белгілі. Бұл орайда Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауының арқасында республика бойынша прокуратура органдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту нақты қолға алынуда. Мәселен, үстіміздегі жылы Қостанай облысында және республика аймағының басқа да жеті аудандық прокуратурасында жаңа ғимарат ашу жоспарланып отыр. Ал келесі жылы Павлодар мен Маңғыстау облыстық прокуратура ғимараттары пайдалануға берілмек.
Мұндай жетістіктерге Үкімет пен облыс әкімдіктерінің заң жүзінде табысты қызмет етуінің арқасында қол жетіп отырғанын Атырау облыстық прокуратурасы жаңа ғимаратының ашылу салтанатында еліміздің Бас Прокуроры Қайрат Мәми атап өтті. Бұл ғимарат қазіргі заман технологиясына сай ең жаңа компьютерлік техникалармен жабдықталған. Ал мұндай қамқорлық, жоғарыда айтылғандай, облыстық прокуратура органының қадағалау қызмет сапасын бұрынғыдан да арттыра түсетініне сенім мол, деді Қайрат Мәми. Сондықтан осындай ғимаратты аз уақыт ішінде сапалы тұрғызып берген құрылысшыларға алғыс білдірген Бас Прокурор облыс әкіміне құрмет марапатын жеткізді. Бұдан кейін осы су жаңа ғимартта Бас Прокурордың төрағалық етуімен құзырлы органның кеңейтілген алқа мәжілісі жұмысын бастады. Онда еліміздің прокуратура органдарының 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда атқарылған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңдегі міндеттері қаралды. Кеңес жұмысына Вице-Премьер – Сауда және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев және басқа да бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Мәжілісті ашқан Қайрат Мәми Бас прокуратураның көшпелі кеңейтілген алқасы алғаш рет еліміздің батыс аймағында өткізіліп отырғанын айтып өтті. Оның өзіндік себебі бар. Біріншіден, Орал-Каспий бассейніндегі биологиялық байлықты сақтаудың маңызы арта түсті. Екіншіден, бағалы балық түрлері мен оның уылдырығын заңсыз жолмен талан-таражға сала бастаған қылмыстық саланы жоюдың уақыты әбден жетті. Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік құрылымдардағы жемқорлық көріністерін шектеп, тұншықтыру қажет. Одан әрі Бас Прокурор алқадағы қаралатын негізгі мәселе – жартыжылдық қорытындыға тоқталды.
Жалпы алғанда прокуратура органдары өзіне жүктелген міндеттерді толықтай орындап келеді. Қадағалау тексерісінің нәтижесі бойынша алғанда 500 мыңнан аса азаматтың және 2 мың кәсіпкерлік субьектілерінің конституциялық құқы қорғалды. Прокурорлардың араласуынан кейін 5 млрд. теңге еңбекақы төленді. Мемлекетке 30 млрд. теңге шығын қайтарылды. Прокурорлардың тоқтамы бойынша 15 мыңнан аса заңсыз құқықтық актілер тоқтатылып, өзгертілді. Мыңнан аса сот шешімдері мен үкімдері заңға сәйкестендірілді. Мәселен, “Қарашығанақ Петролеум” қазақстандық бөлімшесінің қызметін тексеру нәтижесі республикаға жүздеген миллион АҚШ долларын өндіру қажеттігін анықтап берді.
Сонымен қатар сотқа дейінгі өндірісте прокурорлардың рөлі мен жауапкершілігі, қадағалау практикасының тиімділігі артып келеді. Біз бұл салада азаматтардың конституциялық құқы мен бостандығын қамтамасыз ету мен заң бұзушылықты ескерту мақсатында өткен қылмыстық процестер мен жедел іздестіру қызметінің барысына бағыт ұстандық. Соның нәтижесінде үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық қудалау органының бес мыңнан астам заңсыз актілері тоқтатылды, деді Қайрат Мәми. Әрине, басқа да бағыттар бойынша оң нәтижелер байқалады. Құқықтық реформа аясында, ең алдымен, ұйымдық-штаттық құрылым мен қызметтік міндеттерді бөлуді жетілдіру есебінен прокуратура органдарын жаңалауды жалғастыру жүргізіліп жатыр. Мәселен, бүгінде Бас прокуратура көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан штат саны аздығы мәселесіне бел шеше кірісті. Бұл орайда тек Мемлекет басшысының көмегі арқасында ғана дағдарыс кезеңіндегі тапшылыққа қарамастан қосымша 360 бірлік қосылған.
Халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес Бас прокуратурада жаңа департамент құрылды. Оған бас бостандығынан айырылғандар мен уақытша қамау орындарындағы жандардың бостандығы мен құқының сақталуын қадағалау жүктелді. Арнайы прокурорлар департаментінде криминалистер тобы құрылды, ал халықаралық ынтымақтастық департаментінде көпқырлы ынтымақтастық пен хаттама тобы дүниеге келді. Мұндай өзгерістердің бәрі прокурорлық қадағалауды қазіргі талаптарға сай келтіріп, оның тиімділігін арттыру болып табылады. Өткен кезеңдегі прокуратура органдарының жұмысы Мемлекет басшысының ішкі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді орнықтыруға, ұлттық қауіпсіздікті арттыруға, азаматтар мен кәсіпкерлік құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған нұсқаулары мен бағдарламалық құжаттарына сәйкес жүргізілді. Прокуратура органдары дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Құқық қорғау және уәкілетті органдардың уақытылы әрі жедел қабылдаған шаралары Ұлттық қордың қаражатын Үкімет белгілеген оны игеру ережесіне сәйкес нысаналы жұмсауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Құқық қорғау органдарының басым бағыты қылмыстың алдын алу болып табылады. Алайда, қазіргі қалыптасып отырған жағдай қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Республика бойынша тіркелген қылмыс саны 14 пайызға өскен. Жалпы қылмыстық іс көрсеткіші 18,8 пайызға жеткен. Бұзақылық, ұрлық, тонау, ал кейбір аймақтарда қарақшылық та етек алған. Әсіресе, тонау – Қарағанды облысында, Алматы мен Оңтүстік-Шығыс көлік аймағында, қарақшылық – Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен Астана және Алматы қалаларында, бопсалау – Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында орын алған. Ал Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында қасақана кісі өлтіру саны күрт өскен. Мұны есептік-тіркеу саласында тек қадағалауды күшейтудің нәтижесінде қалыптасып отырған жағдай деп қарауға болмайды. Криминогендік жағдайдың жақсаруы туралы азаматтардың қылмыстан нақты қорғалуы қамтамасыз етілген кезде ғана айтуға болады.
Қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын құқық бұзушылық жайлары да орын алып отыр. Мұндай жағдайда қылмыстық істерді тексеру сапасы ойдағыдай қамтамасыз етілмейтіндігі белгілі. Нәтижесінде тергеу органдары секілді прокурорлардың да жіберген кемшіліктеріне байланысты бірқатар қылмыстық істер тоқтап қалады. Соның салдарынан тексерілген қылмыстық істердің үштен бірі ғана сотқа жетеді. Бас Прокурор қадағалау органдарындағы мұндай кейбір келеңсіз жағдайларға байланысты қатты сын айтып, оны жою жолдарын көрсетіп, орындалу барысын назарға алып отыратынын айтты. Сонымен қатар прокуратура органдарының алда тұрған келелі міндеттерін айқындап, заңдылықтың сақталуын қадағалау және адамдардың бостандығы мен конституциялық құқының қорғалуы саласында нендей шаралар атқару қажеттігіне тоқталды.
Жалпы атқарылған жұмыстар аз емес, алайда алда тұрған міндеттер прокурорлық қызмет тиімділігін арттыру қажет екендігін одан әрі аңғарта түседі. Бұл жағдайда алға жылжу үшін алдымен қол жеткен табыстарға шынайы және сын көзбен қарау керек. Осы орайда баяндама жасаған Бас прокуратураның заңдылықты сақтау департаментінің бастығы А.Кравченко әлеуметтік-экономикалық салада прокуратура органдарының қадағалау барысы Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларын орындау арқылы жүзеге асып келе жатқанын айтады. Солардың ішінде бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту, азаматтардың еңбек құқын сақтау, төтенше жағдайлар кезеңінде заңдылықты қамтамасыз ету және Ұлттық қор қаражатын заңды пайдалану міндеттері бар. Прокурорлардың актілері арқылы еңбек ақы бойынша 5 млрд. теңге қарыз өтеліп, 126 мың адамның құқы қорғалған.
Құзырлы орган құқымен ірі инвесторлар қызметі тексеріліп келеді және тексеріле береді. Олардың ішінде түкірігі жерге түспейтін “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг” және “Тенгизшевройл” секілді компаниялар бар. Мұндай компанияларды тексеріс нәтижесі арада нақты тең әріптестік қарым-қатынас орнату мен аталған компаниялардан мемлекет бюджетіне тиісті төлемдердің түсуін қамтамасыз етеді. Осы және басқа да жұмыстар арқасында 360 заңдылықтың бұзылуы жойылып, 20 мыңнан аса қадағалау актісі енгізілді. 25 мың құқықтық актілердің күші жойылып, 400 мыңнан аса азаматтың конституциялық құқы қорғалды. 25 мың адам түрлі жауапкершілікке тартылып 22,8 млрд. теңге шығын орны толтырылды.
Дегенмен, осындай керемет сандарға қарамастан, деді шығып сөйлеушілер, әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау қызметінен күткендегідей тиімділік аз болып отыр. Алқа мәжілісінде оның көптеген себептері айтылды. Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстық прокурорлары жергілікті жердегі жағдайды, заңдылықтың сақталуын, қадағалау барысын жеткізді. Алдағы уақытта, әсіресе, жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту, жалақыны төлемеу және төлеуді кешіктіру жағдайларында азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдары қызметінің басым бағыты ретінде қала береді. Прокурорлардың айтуынша, дағдарыс салдарын барынша азайтуға, сондай-ақ көлік жолдарын салуға және оны жөндеуге, әлеуметтік және басқа да нысандарға мемлекет бөлген қаражатты жұмсау заңдылығына тиімді қадағалауды одан әрі қамтамасыз ету айрықша назарда ұсталады.
Сонымен қатар алдағы уақытта республиканың барлық аумағында “Электронды өтініштерді есепке алу кітапшасы” бойынша қылмыстар туралы хабарламаларды тіркеудің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, ол қылмыстар туралы ақпараттарды толық тіркеуді және олар бойынша заңды шешімдерді уақтылы қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Сөйтіп, алқа мәжілісінің қорытындысында республика прокуратура органдарының 2010 жылдың екінші жартыжылдығындағы қызметі профилактикалық іс-шараларды күшейтуге, қылмыстың және басқа да заңдылықты бұзушылардың алдын алуға, азаматтардың, халық пен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға бағытталатыны нақты көрінді.
Кеңесте Орал-Каспий бассейніндегі бекіре тұқымдас балықтарды сақтау және көбейту мәселелеріндегі заңдылықтың жай-күйі де талқыланды. Соңғы жылдары бекіре балығының қоры ондаған есе кеміп кетті. Мұның негізгі себебі ұйымдасқан қылмыстық сипатқа ие болған браконьерлік болып табылады. Ресми статистика бойынша соңғы үш жыл ішінде (2007-2009 жылдар) шетелге 40 тонна бекіре балығы және 4 тонна қара уылдырық сыртқа шығарылған. Алайда, жедел мәліметтер бойынша, жыл сайын заңсыз жолмен сыртқа шығарылатын балықтың көлемі – 500-600 тоннаға, ал уылдырық 10 тоннаға дейін барады. Бұл браконьерліктің жолын кесуде құқық қорғау және балық қорғау органдары жұмыстарының тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағандығын көрсетеді.
Қылмыстық жүйеге құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың теріс пиғылды қызметкерлерінің де қатысы бар екені жөнінде фактілер анықталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіренің уылдырық шашатын кезінде балық аулауға заңды түрде тыйым салу жөнінде қажетті шаралар қолданбай отыр.
Жиналыста браконьерлікке қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың техникалық жарақтану мәселесіне айрықша назар аударылды.
Сондай-ақ, бекіре тұқымдас балықтарды сақтау бойынша жұмыстарды жандандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және ақпараттық іс-шаралар талқыланды.
Жиналыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ю.Ромашовты және Орал-Каспий бассейні облысаралық инспекциясының бастығы Р.Сүлейменовті қызметтерінен босату жөнінде ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдары алдына браконьерлерге көмек көрсеткен өз қатарларындағы адамдарды анықтап, оларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту мәселелері қойылды.
Александр ТАСБОЛАТОВ, Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.
• 16 Шілде, 2010
БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚ, КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ ОРЫН АЛҒАН ЖЕРДЕ ЗАҢДЫЛЫҚ САҚТАЛМАЙДЫ

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025