29 Маусым, 2015

Қазақстан премьер-лигасы. Көш басындағы «Ақтөбе» ұпай жоғалтты

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
29-06-2015-kpl suret 02АСТАНА. 29 маусым. Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 18-тур ойындары аяқталды. Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Ақтөбе» сырт алаңда «Жетісумен» тең ойнап, ұпай жоғалтты. Ал турдың орталық кездесуі – «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойында алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Турнир кестесінде 2 және 3-орындарда келе жатқан «Қайрат» – «Астана» ойыны аса тартысты өтті. Владимир Вайсстың шәкірттері бірінші таймның соңында есеп ашып, алға шықты. Бұл жерде гол салған Исаэлдің жеке шеберлігін ерекше айтып өткен жөн. Екінші таймда есепті еселеген алаң иелері ойын соңына дейін бұл нәтижені сақтап қалды. Дегенмен, «Астананың» ойын өрнегіне лайықты бағасын беру ләзім. Себебі, статистикалық көрсеткіштер бойынша елордадан келген команда басым болды. Көш басында келе жатқан «Ақтөбе» бұл турда тағы да тең ойнады. Бұл ақтөбеліктердің соңғы бес турдағы үшінші тең ойыны. Талдықорғанда жергілікті «Жетісуға» қарсы ойнаған еліміздің бес дүркін чемпиондары қосымша уақытта ғана таразы басын теңестіруге мүмкіндік тапты. 29-06-2015-kpl suret 03 «Жетісу» (Талдықорған) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 1:1 (0:0) Голдар: Деспотович 66 – Жалмұқан 90+. «Қайсар» (Қызылорда) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:1 (0:0) Голдар: Молдақараев 59 – Нұрғалиев 56 пенальти. «Тобыл» (Қостанай) – «Тараз» (Тараз) 3:0 (3:0) Голдар: Юрин 12, 40, Зенькович 21. «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Атырау» (Атырау) 2:2 (0:1) Голдар: Бөлешев 56, Роткович 73 – Григорьев 37, Иванович 90. «Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды) 3:1 (0:1) Голдар: Ндиайе 32, 47, Чернышов 56 – Мұртазаев 29. «Қайрат» (Алматы) – «Астана» (Астана) 2:0 (0:0) Голдар: Исаэль 45, Исламхан 52 пенальти. 29 маусымға дейінгі нәтижелер бойынша турнир кестесі 29-06-2015-kpl keste 01 Үздік мергендер:
  1. Жерар Гоу («Қайрат») – 18 гол;
  2. Душан Савич («Жетісу»), Лука Роткович («Оқжетпес») – 7 гол;
  3. Константин Дудченко («Ертіс»), Патрик Твумаси («Астана») – 6 гол.
19-тур ойындары 4-5 шілдеде маусымда ойналады. Аталған турдағы қарсыластар төмендегідей: «Тараз» – «Жетісу» «Астана» – «Қайсар» «Атырау» – «Ертіс» «Шахтер» – «Қайрат» «Ордабасы» – «Тобыл» «Ақтөбе» – «Оқжетпес» Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: vk.com.