28 Маусым, 2015

Үндістанда су тасқынынан 80-ге жуық адам қаза болды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-06-2015-India 01АСТАНА. 28 маусым. Үндістанның Гуджарат штатында толассыз жауған жаңбыр соңы селге ұласып, қатты тасқын салдарынан 80-ге жуық адам қаза болды. Бұл туралы 24today.net хабарлады. Табиғи апат құрбандарының дені лай көшкіні мен үйлердің құлауы кезінде көз жұмған. Құтқарушылар апат аймағынан 9 мыңға жуық халықты қауіпсіз жерге көшірді. Айта кетейік, жақында ғана бұл ел аптап ыстықты бастынан өткерген еді. Ең жоғары ауа температурасы бір ай бойы сақталып тұрды. Соның салдарынан ыстыққа шыдамай 2 400 адам қаза болды. Күн өтіп, аптап ыстықтан зардап шеккендер санының тым көптігіне байланысты жергілікті ауруханаларда жоғары дайындық режімі жарияланған болатын. Қаза болғандардың басым бөлігі – жасы 50-ден асқандар. Оларға аптап ыстықтан қызмет түріне байланысты көшедегі жұмыстарын тоқтатуға тура келген. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: 24today.net.