Сәуір айында жарияланған ақпараттардан бөлек, соңғы бір, екі айдың ішінде қордың бастамасымен ұйымдастырылған іс-шаралардың саны, кейбір арнайы ұйымдардан да асып түскені анық. Бұл жерде жұмыс қарқынын санмен ғана саралап тұрмыз, енді атқарылған жұмыстың сапасы туралы тақырыпты қысқаша толықтырып өтсеңіз.
– Қорда ұйымдастырылған әрбір іс-шара еліміздің білім, ғылым, мәдениет саласына пайдасы бар, рухани азық алатын дүниелер. Сондықтан, біз жұмыс жоспарын тек қана атқарылар істің санына қарай емес, сапасына лайықтап құрамыз. Қазіргі Қазақстан инновациялық технологиялар, ғылыми, мәдени, экономикалық жағынан биік асуларға ұмтылушы ел. Ал біздің міндетіміз қай бағытты ұстансақ, сол жолмен мемлекетімізге мақсатты жұмыстармен пайда келтіру, яғни жастарға бағыт-бағдар беріп, жарқын болашаққа жол ашып, қолдау көрсету – қор қызметінің негізі. Осы орайда айта кету керек, ғылымдағы жастарға қолдау көрсету мақсатында мамыр айында жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткіздік. Конференцияның мақсаты, Қазақстанның дарынды жастарын ғылыми-тәжірибелік қызметке тарту, жастардың ғылыми қызметіне қолдау көрсету, мемлекеттік билік органдары мен жастардың арасында көпбағытты байланысты нығайту, қоғамдық маңызы бар қызметтерге жастардың қызығушылығын арттыру, жастардың инновациялық әлеуетін іске асыруға жағдай жасау. Конференцияға Парламент Мәжілісінің өкілдері, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстанның ірі бизнестегі өкілдері, отандық кәсіпкерлер, халықаралық түлектер қауымдастығы, шетелдің және Қазақстанның көрнекті ғалымдары, ғылыми-зерттеу орталықтарының, бизнес-инкубаторлардың, жастар ұйымдарының жетекші мамандары қатысты. Жиында Қазақстанның өркендеуіндегі жас ғалымдардың рөлі: жетілдіру және бәсекелес ортаны сауықтырудағы технологиялық серпіліс, жастар және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар, жоғары оқу орны білімінен кейін жаңаша үрдісте ғылыми кадрлар дайындау контекстіндегі мәселелер, Қазақстанның бизнес-көшбасшыларын қалыптастырудағы жастар ұйымдарының рөлі: мәселелер және іске асыру жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры қазақстандық жас ғалымдар мен өнер қайраткерлеріне қолдау көрсету мақсатында республикалық байқаулардың лауреаттарына грант тапсырды. Бұл конкурсты талантты жастар мен жас ғалымдар арасында осымен үшінші рет өткізіп, шығармашылық жобаларды қолдау үшін грант жарияладық. Биыл 95 ғылыми жоба келіп түссе, оның 6-ын қаржыландыруға лайықты деп тауып, оған 6,5 миллион теңге бөлінді. Ал шығармашылық жобадан 24-і келді, оның 5-уін таңдап, 3,5 миллион теңге бөлдік. Сондай-ақ, ол Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттеріне осымен үшінші жыл қолдау көрсетудеміз. Биыл студенттердің 9 дипломдық жұмысын қаржыландырып, оған 3,5 миллион теңге бөліп отырмыз. Ол жобаларды қаржыландырып қана қоймай, олардың іске асуына да көмектестік. Айта кету керек, “Қазақфильм” студенттердің шығармашылық жобаларының еліміз бен халықаралық ареналарда жоғары деңгейде көрсетілуі үшін техникалық және көркемдік жағынан қолдау көрсетті.
– Шығармашылықтағы жастарға грант бөлуден өзге, фестиваль ұйымдастырылып жүр, аталмыш іс-шараның басты мақсаты қандай?
– “Дарынға ғасыр бас иеді” шығармашыл жастар фестивалінің басты мақсаты – ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттап, талантты шығармашыл жастарды, яғни студенттерді, жас суретшілерді, фотографтарды, мүсіншілерді, жас кинематографистерді қолдап, шығармашылықта өсуге жол ашу. Дәстүрлі түрде шығармашыл жастарды жинайтын бұл мәдени оқиғаға келген қонақтар биылғы жылы Қордың саябақ аймағында “Бейнелеу өнеріндегі ұлттық идея” республикалық пленерінде мүсіндердің тұсаукесерімен, жас суретшілер мен фотографтардың жұмыстарымен, қазақстандық жас режиссерлер – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грант иегерлерінің дипломдық жұмыстарымен танысты.
– Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеттілігінің бір құрам бірлігі –кітаптар. Биылғы жылдың басынан бастап сіздердің бастамаларыңызбен бірнеше кітаптар жарық көргені бізге мәлім.
– Әрине, тұлғаның ақпараттық мәдениеті мен оқу мәдениеттілігін қалыптастыру бүгінгі күнде кітапханалар мен білім беру мекемелерінің тәжірибелік ісінде ең маңыздыларының бірін құрайды. Ақпараттық қоғамның даму кезеңінде оқу мәдениеттілігі ұғымы “ақпараттық мәдениет” ұғымына кеңейіп, онда оқу мәдениеттілігі негізге алынады. Біз бұл жағынан да кітапханалар мен жалпы білім беру ұжымдарына және қоғамдық орындарға түрлі заманауи кітаптарды сыйға тартудамыз. Мәселен, жақын күндері “Қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жайында”, Елбасы еңбектерінің жинағы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті сыйлықтарының кітабы “Зор құрмет белгісімен...” және “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы мұрағатындағы еңбектері”, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Л. Гирштің “Естелік оймен оңаша”, Орынғали Есенғазиевтің “Ұлы Отан соғысы, комбат тағдыры” атты кітаптары мен “Барлық ұрпаққа естелік үшін” атты фотоальбом шығарылып, тиісті орындарға тарту етілді.
– Телевизиялық жобалар жайында айтсаңыз?
– Жақында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының тапсырысымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті туралы “Большая игра Президента” атты 1-сериялы деректі фильм жарыққа шықты. Сондай-ақ, 26 маусым күні КТК телеарнасы, “Нұр Отан” ХДП, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп “Бірлігіміз жарасқан” жалпыхалықтық акциясын өткіздік. КТК телеарнасы және “Караван” газетімен түрлі музыкалық бағдарламаларды іске асырдық. Ұлы Жеңістің 65-жылдығының құрметіне Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Дариға Назарбаеваның “Егер соғыс болмағанда....” атты қайырымдылық концертін ұйымдастырдық. Концертке Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек майданының қатысушылары шақырылды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының фортепиано шебері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушылары Андрей Трегубенко және Медет Чотабаев, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры симфониялық оркестрі аталмыш театр дирижері Нұржан Байбосыновтың жетекшілігімен қатысты. Тағы да бір мәдени шараға тоқталып өтсем, жақында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының залында “Іntrabaroque” концерті өтті. Концерт “Қазақстан Камератасы” “Музыкалық эксперименттер зертханасы” мемлекеттік ансамблінің музыкалық маусымын жапты. Сондай-ақ, Астана күніне орай “Сүйемін сені өмір!” атты мерекелік концерт өткіздік.
Концертке қазақ эстрадасының жұлдыздары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грант иегерлері мен лауреаттары, Нұрлан Байкөзовтің жетекшілігіндегі Алматы қаласы әкімінің эстрадалық симфониялық оркестрі, “Самұрық” би театры, Қазақстан Республикасының “Салтанат” мемлекеттік би ансамблі және тағы басқалар қатысты және Қарасай ауданында, Елбасының туған жерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырдық.
– Балғын балалар үшін қор қандай қамқорлық шараларын іске асырды?
– Қор “Аяла” және “Дара” қорлары ұйымдастырған “Күлкі күні 2010” қамқорлық акциясына қатысты. Дәстүрлі түрде бұл күні де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының сыйлықтары №1 Алматы облыстық балалар үйінің, №1 Алматы қалалық балалар үйінің, №2 Алматы қалалық балалар үйінің, “Жанұя” арнайы кешенінің тәрбиеленушілеріне тарту етілді. 1 маусым күні Орталық саябақта дәстүрлі түрде өтетін балалар шығармашылығының “Мейіpім 2010” фестивалі болды. Аталмыш шараны “Мейіpім” әлеуметтік жобасы бойынша М.Оспанов атындағы қоғамдық қоры ұйымдастырған. Бұл жоба жыл сайын өтетін республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің “Халық денсаулығы – Қазақстанның дәулеттілігі” 2009 және “Интеллектуалды жасампаз қоғам: білім және жаңа технологиялар” әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі 2010 жыл жеңімпазы болып табылады. Жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қайырымдылық көмегімен іске асқан. Жобаның негізгі мақсаты – жас таланттарды анықтап, оларға қолдау көрсету, балалар үйлерінің және түзету мектеп-интернаттарының шығармашылық дарындарына көпшіліктің назарын аудару, ары қарай шығармашылықта шыңдалуға, дамуға жол ашып, жағдай жасау. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының арнайы сыйлықтары фестивальдің лауреаттарына табыс етілді: Н. Островский атындағы зағиптар мен көзі нашар көретін балалардың №4 түзету мектебіне, №5 саңырау балалардың арнайы мектеп-интернатына және №15 туберкулездің басталған, бәсеңдеген формаларындағы балалардың арнайы мектеп-интернатына. Сондай-ақ, осы күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен “Famіly” ойын-сауық саябағында көп балалы отбасы балалары мен аз қамтылған отбасы балалары үшін қамқорлық акциясы өтті. Акцияны “Шекарасыз балалық” қоғамдық бірлестігі, “Бота” қоғамдық қоры және “Қамқор ХХІ ғасыр” корпоративті қорларының серіктестігімен ұйымдастырды.
Акция барысында 150 алматылық балғын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының сыйлықтарын – кітаптар, балалар энциклопедиялары, көркемдік және танымдық әдебиеттер, т.б. алды. Осы күндері қордың қолдауымен Оқушылар сарайының ғимаратында “Балалар” фотокөрмесі ұйымдастырылды. Алматылық енді бастаған және кәсіби жас фотографтардың 120 жұмысы келген көрерменнің назарына ұсынылды, олардың әр туындысында балалардың адамзаттың ең қымбат асыл қазынасы екендігін көрсететін бейнелер бар. Сондай-ақ, Қор жанындағы Қарасай аудандық білім қорында, оқу жылын үздік аяқтаған, байқауларда, олимпиадаларда жеңіске жеткен 258 оқушыға демалыс лагерлеріне жолдамалар және 70 оқушыға Астана күніне орай Астана қаласына саяхат жасауға мүмкіндік берілді. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан да оларды қорғау, болашаққа жетелеу біздің міндетіміз.
Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен, мәдениетінің жоғарылығымен өлшенеді. Осы ұғымдарды ұштастырып, ұлы жоспар құрған қор қызметіне сәттілік тілейміз.
– Әңгімеңізге рахмет!
Әңгімелескен Маржан ОМАРОВА.
• 16 Шілде, 2010
“ЖАСТАРҒА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІП, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШЫП, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ – ҚОР ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІ”

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025