Әлем • Бүгін, 10:22

Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде кездесті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Си Цзиньпин Пекинде АҚШ президенті Дональд Трампты салтанатты түрде қабылдады. Кездесу Халық жиналыс үйі ғимаратында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп пен Си Цзиньпин Пекинде кездесті

Алдын ала ақпарат бойынша тараптар екіжақты қатынастардың кең ауқымын, соның ішінде халықаралық күн тәртібін талқылаған.

Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Иранға қатысты болуы мүмкін деп болжанып отыр. Вашингтон Қытайдың Ормұз бұғазы аймағындағы шиеленісті шешуге көмектеседі деп үміттенеді. Бұл аймақ әлемдік энергетика үшін стратегиялық маңызға ие.

Дональд Трамп Қытаймен достық қарым-қатынаста болу өзіне үлкен құрмет екенін айтып, екі ел арасындағы қатынастардың жақсаратынына сенім білдірді.

«Сіздің досыңыз болу мен үшін үлкен құрмет, Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейде жақсарады», деді Ақ үй басшысы.

Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті

Ал Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ «бәсекелес емес, серіктес болуы тиіс» екенін атап өтті, бұл тек екі ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды екенін айтты.

Дональд Трамп Иранмен келісімге келу үшін әскери операцияны тоқтатты

Кездесуге АҚШ үкіметі мен бизнес өкілдері де қатысты. Олардың қатарында Марко Рубио, Қаржы министрі Скотт Бессент, Қорғаныс министрі Пит Хегсет, сондай-ақ Apple мен Tesla компанияларының басшылары Тим Кук пен Илон Маск бар.

Соңғы жаңалықтар