Үкімет • Кеше

Үкімет басшысы жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Жиында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндама жасады. Мәліметке сәйкес, 2025 жылдың қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 260 млрд теңгеге жеткен. Жыл басынан бері өңдеуші сектордың өсімі 9,9%-ды құрап, жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2,2 есеге артқан. Алайда салада импортқа тәуелділік әлі де сақталып отыр.

Кездесуде отандық өнім өндіруді арттыру, өндірістерді жаңғырту, қайта өңдеу қуатын кеңейту және локализация деңгейін көтеру мәселелері талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов жауаптыларға кадр даярлау мен отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігін айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық әлеуетті нығайту міндетін қойды. Жаңа Конституцияның қабылдануымен Үкімет өңдеу секторын дамыту жұмыстарын күшейте түсті. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша өңдеу саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік маңызы зор. Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын кеңейтуіміз қажет», деді Олжас Бектенов.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр отандық өндірушілерге өткізу нарықтарына шығуға кепілдік бере отырып, өндірісті ұлғайту үшін қосымша ынталандыратын модель қалыптастыру қажеттігіне назар аударды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр Ұлттық парктердегі баяу жұмысты қатаң сынаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар