Фото: Сауда және интеграция министрлігі (архив)
ЕЭК дерегіне сүйенсек, 2025 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 101,6% болған. Осылайша, Қазақстан одақ елдері арасындағы ең жоғары өсім көрсеткен мемлекеттердің бірі атанды. Көш басында өнеркәсіп өндірісі 10,6%-ға өскен Қырғызстан тұр.
Жыл қорытындысы бойынша Арменияда өнеркәсіп өндірісі 4,7%-ға, Ресейде 1,3%-ға өскен. Ал ЕАЭО кеңістігінде өндіріс көлемі төмендеген жалғыз ел – Беларусь. Ондағы көрсеткіш 1,8%-ға азайған.
ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді
Комиссия 2025 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштерді де ұсынды. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,1%-ға артқан. Ал 2025 жылдың қарашасымен салыстырғанда өсім 10,4% болған.
Жалпы ЕАЭО бойынша желтоқсандағы өнеркәсіп өндірісі бір жыл ішінде 3,9%-ға ұлғайған. Бұл кезеңде ең жоғары өсім Арменияда тіркеліп, көрсеткіш бірден 38,6%-ға жеткен. Қырғызстанда өсім 10,4%, Қазақстанда 8,1%, Ресейде 3,7% болған. Беларусьта, керісінше, өндіріс көлемі 2,9%-ға төмендеген.
Есепте 2024 жылы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда жалпы 5%-ға өскені айтылған. Сол жылы Қазақстанда да оң динамика сақталып, өсім 2,8% болған.
ЕЭК жариялаған статистикалық мәліметтердің алдын ала екені және кейін нақтылануы мүмкін екені атап өтілді. Сондай-ақ комиссия Ресейдің 2024-2025 жылдарға арналған өнеркәсіп өндірісі статистикасын нақтылауына байланысты ЕАЭО бойынша деректердің қайта есептелгенін хабарлады.
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды