Тимур Қосымбаев атап өткендей, бұрын желілердің ескіргендігі жылу, су және электр энергиясын жеткізу кезінде апаттар мен үзілістер қаупін тудырған. 2023 жылдан бастап коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту басталды, ал желілерді жөндеу көлемі 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге артты.
Digital Qazaqstan: Энергетика инфрақұрылымы онлайн жүйеге біріктірілді
2025 жылдан бастап іске қосылған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 31,6 млрд теңгеге 17 пилоттық жоба қаржыландырылып, оның алтауы қазірдің өзінде аяқталған.
Жаңғырту жұмыстарының нәтижелерінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында 104 шақырым электр желісі жаңартылды.Сондай-ақ Тайынша және Теміртау қалаларында жылу желілері жөнделді. Жетісу облысында 6,4 мың тұтынушы үшін электр энергиясын өндіру көлемі ұлғайтылды.
Сонымен қатар 8 кәсіпорын қауіпті тозу деңгейінен шығарылды. Қабылданып жатқан шаралар саланың жүйелі жаңаруына және тұрақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.
Алдағы уақытта коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады, 2026 жылы тағы 7,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделмек.