Пікір • Бүгін, 07:48

Қоғамдық келісімшарт үлгісі

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміз әлеуметтік-саяси моделінің институ­ционалдық трансформациясы кезеңіне аяқ басып келеді. Жаңа Конституция бұл мәтін­нің ресми жаңартылуы емес, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу ережеле­рін қайта қарау екенін көрсетеді. Ұсыныл­ған нормалар жай ғана декларациялар емес, мемлекеттік бас­қару мен қоғамның қатысу қағидаттарын анық­тайтын тиімді тетіктер болуы керек.

Қоғамдық келісімшарт үлгісі

Сурет: facebook.com/kisi.kz

Конституциялық реформа әрбір отандасымыздың күнделікті өміріне тікелей немесе жанама түрде әсер етеді, құқықтардың, міндеттердің және қатысу мүмкіндіктерінің шеңберін анықтайды. Әлеуметтану тұрғысынан алғанда, жаңа құжат азаматтық қатысуды нығайту, кері байланыс арналарын кеңейту жолында  жаңартылған негіз қалайды деп болжауға болады. Бұл өз кезегінде саяси сауаттылық пен азаматтық белсенділіктің өсуіне ықпал ете алады.

Бұл тұрғыдан алғанда Халық кеңесі институты консультативтік және өкілдік форум ретінде құру ерекше маңызға ие. Оның мәртебесі Конституцияда бекітілген, онда институтқа бірқатар нақты өкілеттік берілуі көзделген. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Халық кеңесі: ішкі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, ұлттық бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттары мен ұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді; Құрылтайға заң жобаларын енгізеді; республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді; конституциялық заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бұл өкілеттіліктер аясы институттың функционалдық мәртебесін ресми түрде кеңейтеді және оны тек кеңесші орган шегінен шығарады.

Қазақстан Халық кеңесінің құрамы Қазақстан азаматтарынан тұрады. Ұлттық құрылтайда жа­рия­ланғандай, оның құрамына 126 мүше кіреді: яғни этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар және аймақтардан (мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер арқылы) 42 өкілден алынады. Бұл құрылым қоғамдық, аймақтық және этномәдени өкілдіктің тепе-теңдігін білдіреді.

Халық кеңесі мемлекет пен өңірлердің өкілдерін, кәсіби қауымдастықтар мен этномәдени бірлестіктерді біріктіре отырып, түрлі қоғамдық топтар арасындағы диалогті жүйелі негізде қалыптастыруға бағытта­ла­ды. Бұл құрылым мүдделерді білдіру және әлеу­мет­тік маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында қосымша алаң ретінде қызмет етеді.

Дегенмен бұл тетіктің тиімділігі оның құрылуы­на ғана емес, сонымен қатар оның процедуралық ашықтығына, шынайы өкілдік дәрежесіне және шешімдерге практикалық әсеріне де байланысты болады. Негізінен Халық кеңесінің нақты рөлін азаматтық қатысу деңгейі, берілген қатысу құралдарын пайдалануға дайындық, елде болып жатқан үдерістер үшін жауапкершілік айқындайды.

 

Жанар НАҚЫПБАЕВА,

Президент жанындағы ҚСЗИ Қоғамдық пікірді зерттеу бөлімінің бас сарапшысы

Соңғы жаңалықтар

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05