Фото: Ашық дереккөз
Мәліметтерге сүйенсек, Қамшыбек Ташиев екі бірдей қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу амалдарына куәгер ретінде шақырылған. Ол тергеуге адвокатымен бірге келген.
Әзірге істің өзге де мән-жайлары жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдары ақпарат жарияланған сәтте ресми түсініктеме бермеді.
Қырғызстан президенті Ташиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Кейін Қырғызстанның бұрынғы жоғары лауазымды тұлғасы Қамшыбек Ташиев өзіне қатысты кадрлық шешімнен кейін үндеу жасап, қызметтен босатылуы «күтпеген жағдай» болғанын атап өтті.