Оқиға • Бүгін, 11:33

Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Жоғарғы Сот судьясы Ерлан Қосмұратовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды

Фото: Ашық дереккөз

Кеңес төрағасының айтуынша, Ерлан Қосмұратов басқа қызметке тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылған. Мемлекет басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы Жарлығына сәйкес, ол Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған.

Сенат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдаған.

Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Айта кетейік, бұған дейін ақпан айында Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін уақытша атқарған Ерболат Ахметжанов қызметінен босатылған.

Сондай-ақ бұған дейін Сенат Жоғарғы Соттың тағы үш судьясын қызметінен босату туралы шешім қабылдаған еді.

Жоғарғы Соттың үш судьясы отставкаға кетті

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15