Референдум • Кеше

Студент сергектік танытты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таңғы сағат 07.00-де Ақтөбе қаласындағы №119 учаскеде 18 жастағы Абзал Боранбай алғаш рет дауыс берді. Жергілікті университетте құқықтану мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 - курс студенті Абзал ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, дауыс беру бюллетенін алғаш қолға алғанда ерекше сезімде болғанын жасырмады.

Студент сергектік танытты

Фото: Gov

Таңмен таласа келген қараторы да қағілез жігіт  өзі оқитын университеттегі әзіл-сықақ үйірмесі қойылымдарының сценарийін жазып, клиптер түсіреді,  футболмен айналысады. Заң саласын жүрек қалауымен таңдаған студент болашақта қылмыстық салаға  маманданғысы ке­ле­ді. «Әке-шешемнің тұңғышымын. Отбасымызда менен кейін екі інім бар. Әкем Атырау облысындағы Теңіз кенішінде вахталық жұмыста, анам бас­тауыш сыныптарға сабақ береді», дейді жас таңдаушы.

Өз құрдастарын саяси науқанда белсенді болуға шақырған Абзал Боранбай  қоғамды өзгертетін жастар деген сенімде. Айта кету керек,  жаңа Конституция  жобасы бойынша өтіп жатқан референдумда Ақтөбе облысында 577 053 азамат дауыс беру құқығына ие.

 

Ақтөбе облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10