Референдум • Бүгін, 08:52

Ақмола облысында ерекше көрініс: сайлаушылар учаскеге бүркіт пен тазы алып келді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында дауыс беру күні ерекше көріністермен есте қалды. Кейбір тұрғындар референдум учаскесіне ұлттық дәстүрді көрсететін ерекше тәсілмен келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында ерекше көрініс: сайлаушылар учаскеге бүркіт пен тазы алып келді

фото: sputnik.kz

Ақмола облысында дауыс беру күні өңір тұрғындары азаматтық белсенділік танытып қана қоймай, ұлттық дәстүрді де дәріптеді. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, өңірдегі дауыс беру учаскелерінің біріне тұрғын бүркітін алып келген. Бұл көрініс көпшіліктің назарын аударып, дауыс беру барысына ерекше атмосфера сыйлаған.

Алматыда сайлаушыларға фотоаймақ ұйымдастырылды

Тағы бір сайлаушы учаскеге қазақтың тазы тұқымды итін ертіп келген. Ұлттық аңшылық мәдениетінің символы саналатын тазы мен бүркіттің сайлау учаскесінде көрінуі жұртшылық тарапынан қызығушылық тудырып, желі қолданушылары арасында кең талқыланды.

Жалпы Ақмола облысында дауыс беру процесі белсенді өтіп жатыр. Өңірде барлығы 760 референдум учаскесі жұмыс істейді. Олардың ішінде 700 учаске азаматтардың тұрақты тіркелген жерінде, ал 60 учаске уақытша орналасу орындарында – ауруханаларда, әскери бөлімдерде және жабық мекемелерде ұйымдастырылған.

Астана әкімі референдумда дауыс берді

Референдум учаскелерінде дауыс беру тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатқаны хабарланып отыр. Таңертеңнен бастап тұрғындар отбасымен келіп, өз таңдауын жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар