Референдум • Бүгін, 08:30

«Ел дауысы»: Сайлаушылар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ел дауысы» қорының байқаушылары сайлау учаскелерінде таңғы уақыттан бастап азаматтардың көптеп келіп жатқанын тіркеді. Бұл туралы қор жетекшісі Аида Жексенова JexeNews телеграм каналында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ел дауысы»: Сайлаушылар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр

Қор байқаушыларының мәліметінше, бірқатар сайлау учаскесінде адамдардың қарасы көп болып, тіпті учаскелер ашылмай тұрып-ақ кезек қалыптасқан. Кейбір учаскелерде тұрғындар ашылу уақытына дейін жиналып, дауыс беру процесінің басталуын күткен.Таңғы сағаттардан бастап дауыс беруге келген азаматтардың легі бір сәтке де бәсеңдемей, тұрақты түрде жалғасып жатыр.

Қазығұртта 100 жастан асқан қария дауыс берді

Байқаушылардың айтуынша, сайлаушылар белсенділік танытып, өздерінің азаматтық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруге ерте келіп жатыр.

ел дауысы

Мұндай жоғары белсенділік азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде тәртіп сақталып, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып жатқаны байқалады.

Ұлттық ұланның сарбазы туған күнінде алғаш рет дауыс берді

Жалпы, «Ел дауысы» қорының байқаушылары еліміздің әр өңіріндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын бақылап, азаматтардың сайлау құқығының сақталуын қадағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Референдум – әлемдік БАҚ назарында

Референдум • Бүгін, 09:20

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 09:00