Экология • Бүгін, 17:01

Маңғыстаулық педагогтер халықаралық жобада жеңімпаз атанды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Досан Қарашаев пен Айнұр Ондаханова «ETF Green Skills Awards 2025» беделді халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстаулық педагогтер халықаралық жобада жеңімпаз атанды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Үздік 5 жобаның қатарына енді

Байқау Еуропалық оқыту қорының (European Training Foundation – ETF) ұйымдастыруымен өтті. Педагогтер «Заманауи білім беру бағдарламаларының жасыл технологияларды дамытудағы рөлі» тақырыбындағы авторлық жобаларын ұсынып, жаңартылатын энергия көздерін оқу үдерісіне жүйелі енгізудің тетіктерін көрсетті. Сонымен қатар болашақ мамандардың экологиялық құзыреттілігін арттыру жолдары жан-жақты негізделді.

Халықаралық жобаға әлемнің 50-ден астам елінен 250-ден аса үміткер қатысып, іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен маңғыстаулық педагогтер өз жобаларын халықаралық сарапшылар алдында жоғары кәсіби деңгейде қорғап, үздік 5 жобаның қатарына енді.

Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрады

Жеңімпаздар марапатталды

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Италияның Турин қаласында өтті. Салтанатты жиын Турин политехникалық университетінде ұйымдастырылған «Еуропалық одақ – Италия энергетика күндері: энергетикалық ауысуды қамтамасыз ету және нығайтуға арналған жаңа іс-қимылдар» атты халықаралық конференция шеңберінде өтті. Биылғы марапаттау «Green Skills» сыйлығының 5 жылдық мерейтойына арналды.

Кәсіпке бастар колледж

Министрлік өкілдерінің айтуынша, педагогтердің бұл жетістігі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жасыл дағдыларды дамытуға бағытталған ұлттық бастамалардың тиімділігін айқын көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан колледждерінің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттыруға ықпал етеді.

Елімізде қанша колледж бар?

Соңғы жаңалықтар