25 Наурыз, 2015

Бизнесмен Ербол Иманқұлов ұшақта отбасымен қаза тапты

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

25-03-15-aviakanastrofa-2

АСТАНА. 25 наурыз. Қазақстандық бизнесмен Ербол Иманқұлов Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақта отбасымен бірге опат болды. Бұл туралы «Радиоточка» хабарлады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мұның алдында 24 наурыз күні француз Альпісіне барып соққан Germanwings авиакомпаниясының бортында Қазақстан Республикасының азаматтары Иманқұлов Ербол Базаралыұлының (1965 ж.т.), Есенғалиева Айжан Сарымқызының (1966 ж.т) және Иманқұлов Әділ Ерболұлының (1989 ж.т.) болғандарын растады. «Бұдан басқа, Германия билігінің ақпары бойынша, Қазақстан азаматы болуы ықтимал Блес Елена есімді әйел де болған. Қазіргі таңда тиісті органдар бұл ақпардың қаншалықты шындыққа жанасымды екенін тексеріп жатыр», - делінген хабарламада. Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ қаза тапқандардың туған-туыстарының Қазақстан Республикасының Берлиндегі консулдығының «қызу желідегі» +4915208833631 (негізгі байланыс), Қазақстан Республикасының Испаниядағы (Барселона) консулдығының +34674482333) нөміріне хабарласулары керек екенін түсіндіреді. Бұдан бөлек, консулдармен хабарласу мүмкін болмай қалған жағдайда туған-туыстардың Сыртқы істер министрлігіндегі кезекші дипломаттың +77172720111 деген телефон нөміріне хабарласуларына болатындарын ескертеді. Анықтама 2014 жылғы қаңтарда «Бәйтерек» холдингі Қарағанды облысы әкімімен меморандумға қол қойды. Ол бойынша тараптар «Силициум Казахстан» сауықтыру орнының жұмыс жасауын қамтамасыз етуді міндеттеріне алды. Осындай ынтымақтастық жөніндегі келісімге «Тау-Кен Самұрық» инвестициялық қоры мен ұлттық компаниясы да қол қойды. Ол бойынша металл кремний шығаратын зауыттың жаңа басқарушысы «Тау-Кен Темір» компаниясы болды. Жұмыстың бірінші кезеңінде ол өндірісті қалпына келтіруге 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржы салуға тиіс-тін. Осы «Тау-Кен Темір» ЖШСнда Ербол Иманқұлов директор болатын. Ол сондай-ақ «Силициум Қазақстан» жобасына да басшылық жасаушы еді. Оның жұбайы Айжан Есенғалиева «Казцинк-Айна» ЖШС директоры болып қызмет атқарған. Мұрат Айтқожа. Мәнбе: Радиоточка.