25 Наурыз, 2015

Ресейде жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-03-2015-SP ushak 02АСТАНА. 25 наурыз. Бүгін Санкт-Петербург қаласының Пулково әуежайына Боинг 737 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Бұл туралы rbc.ru хабарлады. Ұшақтың шұғыл қонуына бір қозғалтқышының істен шығуы себеп болған. Аталған Боинг UTair әуе компаниясына тиесілі екен. UT369 бағыты бойынша ұшқан ұшақ Мәскеуден Санкт-Петербургке бет алған. Борт капитаны межелі жерге жеткенде әуежай әкімшілігінен төтенше жағдайда қонуға рұқсат сұраған. Бұл жайтты қазір UTair әуе компаниясының ресми өкілдері де растап отыр. Апатты жағдайда қону кезінде ұшақта 78 жолаушы мен бірнеше экипаж мүшесі болған. Десек те, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Боинг 737 ұшағында қанатының астына орнатылған екі қозғалтқыш болады. Мұндай ұшақ түрі жолаушылар тасымалында жоғары сұранысқа ие. Аталған әуе көлігі 1967 жылдан бері шығарылып келеді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: rbc.ru.