Ауа райы • Бүгін, 09:10

Қар, бұрқасын: 25 қаңтарда ауа райы қандай болады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК ел аумағы бойынша 25 қаңтарына арналған ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қар, бұрқасын: 25 қаңтарда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты қар жауады, ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте күндіз қар және жаңбыр жауады деп күтіледі.
 
Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, тұман түсіп, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
 
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұрқасын жүреді. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді деп болжанып отыр.
 
Еске сала кетейік, кеше ауа райына байланысты 15 өңірде ескерту жарияланды.
Соңғы жаңалықтар