Жәдігер • Кеше

Сары самаурын

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеген ауданында адам қызығарлық «Қара шатқал» деп аталатын туристік нысанда әзірге 2-3 сауда желісі, фотоға түсу аймағы мен бес метрге дейін жарқабаққа шығаратын адреналинге толы экстремалды әткеншек жұмыс істеп тұр. Келешекте бұл аймақта әйгілі әйнеккөпір салынып, «демалушыларға ұмытпастай әсер қалдыратын болады» деген болжам бар. Онымен қоса капсулалы қонақүйлер мен мейрамхана, атпен, велосипедпен серуендейтін арнайы орындар ашылады.

Сары самаурын

Болашағы зор осы нысанға ат басын бұрған туристер түтіні өрге будақтаған сары самаурынның шайынан дәм татуға асығады. Себебі са­маурынның шайы таулы өңірдің салқын ауа райында бойды жылытса, жазда шөл басары анық. Біз де буы будақтай қайнап тұрған жез самаурынға таяп, иесінен біраз мәліметтің сырына қанықтық.

«Бұл біздің әулеттің жәдігері саналады. Қолданыста жүргеніне шамамен 80 жылдан асыпты. Аналарымыз көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп келеді. Тарихы терең самаурын отбасына ғана емес, жыл он екі ай алыс-жақын шетелден ағылған мыңдаған туристке қызмет етіп тұр. Шай ішіп қана қоймай, естелік үшін суретке түсіп жатады», дейді оттығына ағаш жаңқаларын салып жатқан кәсіп иесі Төлеген Құныпияев.

Осылайша, табиғаттың таң­ғажайып көрінісін тамашалаушы туристерге қазақтың шай ішу дәстүрін дәріптеуге де үлес қосып жүрген азаматтардың ісіне береке берсін дейміз.

 

Алматы облысы,

Кеген ауданы

Соңғы жаңалықтар