Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі келтірген дерекке сенсек, қоғамдық көлікпен қатынайтын екі оқушының бірі автобуста телефонын ұмытып кеткен. Не істерін білмей дал болған балалар жақын жерде жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне жүгініп, көмек сұраған.
Полиция қызметкерлері жағдайды бірден назарға алып, жедел басқару орталығына хабарласып, қаладағы бейнебақылау камералары арқылы автобустың бағытын анықтайды. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында автобус дер кезінде тоқтатылып, жоғалған ұялы телефон табылған.
Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?
Қауіпсіздік талаптарын назарға алған полиция қызметкерлері баланың әжесін шақырып, ұялы телефонды заңды иесіне табыстаған. Өз кезегінде оқушының әжесі полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырды.
Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды