Аймақтар • 21 Қаңтар, 2026

Қоғамдық көліктерде төлем жасаудың жаңа тәсілі енгізілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Өскемендегі қоғамдық көліктерде жолақысын төлеудің қосымша жаңа тәсілі енгізілді. Енді жолаушылар банктерінің мобильді қосымшалары арқылы да жолақысын төлей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық көліктерде төлем жасаудың жаңа тәсілі енгізілді

Жаңа функционал «ONAY» сервистерін цифрландырудың екінші кезеңі аясында енгізіліп, жолаушыларға төлем жасаудың ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.

Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалу бөлмелері салынады

Қазір жолаушылар карта арқылы, автобустарда орнатылған «ONAY» QR-стикерлерді сканерлеу немесе кодты қолмен енгізу арқылы төлейді. Енді Halyk және Kaspi банктерінің мобильді қосымшалары арқылы да жолақысын төлеу мүмкіндігі қарастырылды.

 «Төлемнің жаңа әдісін енгізу – көлік қызметтерін өңірдің жолаушыларына ыңғайлы әрі қолжетімді ету үшін жасалған кезекті қадам», деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көлік холдингі филиалының директоры Арман Ысқақов.

Қазір қалада 11 тасымалдаушы 51 маршрут бойынша тасымалдауды қамтамасыз етеді, 415 автобуста 853 көлік терминалы және 3,5 мыңнан астам «ONAY» QR стикер орнатылған.

Астанада 500 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды


Өскемен