Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, 16 қаңтар күні сағат 09:10-нан бастап «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» бағытындағы Қордай асуының жаңа айналма жолының 159–238 шақырым аралығы (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін жабылған.

Қазіргі уақытта көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Жолды 2026 жылғы 17 қаңтар күні сағат 14:00-де ашу жоспарланған.