Құрылыс • Кеше

2025 жылы елімізде қанша мектеп салынды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz

2025 жылы елімізде қанша мектеп салынды

Бұл білім беру ұйымдары 27 үш ауысымды және 11 апатты мектеп мәселесін шешуге, сондай-ақ 160 мың оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік берді.

«Ел тарихындағы ең маңызды жобалардың бірі – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Оның аясында 206 мың оқушы орнына арналған 112 жаңа форматтағы мектеп қолданысқа берілді, оның 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Еске сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушыға арналған 105 мектеп пайдалануға берілді», делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында. 

о

Қазіргі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 89 мың оқушыға арналған 81 мектеп салынды. Оның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың оқушы орнына арналған 18 жаңа мектеп іске қосылды. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақ мерзімді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.

«Келешек мектептері» рекордтарға жол ашты

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен Ұлытау облысының Қаражал қаласы мен Маңдырай станциясында екі мектеп, Солтүстік Қазақстан облысында бір балабақша салынды. Еске салайық, Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 8 білім беру нысаны қаржыландырылды, оның ішінде 5 мектеп, 2 балабақша және 1 жатақхана бар.

о

Қосымша республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 16 мың оқушы орнына арналған 30 мектептің құрылысы жүргізілді.

«Келешек мектептері» барлық мектептің дамуына негіз болады

Сонымен қатар, қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:

• реновация бағдарламасы аясында 209 мектеп жаңартылды;
• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;
• ауыл мектептері үшін 1196 заманауи пән кабинеті сатып алынды.

Айта кетейік, жаңа нысандарды пайдалануға берудің нәтижесінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Қызылорда облыстарында үшауысымды оқыту мәселесі толығымен жойылды.

«Келешек мектептері»: Сауранда 3 заманауи мектеп пайдалануға берілді

Соңғы жаңалықтар