Қоғам • Кеше

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтарды анықтап, 1787 жүргізушінің куәлігінің күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ведомство мен ІІМ-нің ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы 369 888 диспансерлік есепте тұрған адамның деректері талданған.

Нәтижесінде:

- 273 819 азаматқа бұрын жүргізуші куәлігі берілмегені анықталған;
- 41 677 адамның жүргізуші куәлігі бұрыннан жарамсыз (жойылған) болған;
- 54 392 азаматтың куәліктері әлі де жарамды болған.

2025 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша сот органдарына 4 540 талап арыз жолданып, соның нәтижесінде 1 787 жүргізуші куәлігінің күші жойылған. Бұл азаматтарда көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған.

Сондай-ақ психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған азаматтар туралы мәліметтер екі ведомствоның ақпараттық жүйелері арасында автоматты түрде жаңартылып, нақты уақыт режимінде алмасып отырады. Бұл деректер жүргізуші куәлігіне рұқсат беру кезінде ескеріледі.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі жол-көлік қауіпсіздігін бақылау және жолдағы тәуекелдерді азайту бойынша бірлескен жұмысты цифрлық деректер алмасу арқылы жалғастырады. Бұл жаңа шара ЖКО салдарынан болатын жарақаттану, мүгедектік пен өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған.

Бұған дейін «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрған, Бестеректегі 4 баланың өліміне себепкер болған жүргізушінің 9 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар