Аймақтар • Кеше

Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында төрт адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Туыстары олардың қайда және не мақсатпен кеткенінен бейхабар, ал әлеуметтік желілерде отбасы мүшелерін күштеп әкетуі мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Бұл жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Фото: Ашық дереккөз

Полиция мәліметінше, отбасының жоғалғаны туралы арызды үй йесінің қарындасы берген. Ол өткен бейсенбіде (25 желтоқсан) құқық қорғау органдарына келіп, туыстарының бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын және тұрғылықты жерінде жоқ екенін мәлімдеген.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері олардың қайда екенін анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Басқа өңірлердегі әріптестерімізге де бағыттамалар жіберілді. Қолда бар ақпарат бойынша, ерлі-зайыптылар мен олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы еліміздің оңтүстік өңірлеріне бет алуы мүмкін», делінген полиция хабарламасында.

Тәртіп сақшылары аталған отбасы мүшелері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды:

  • 98-20-78;
  • 98-20-88;
  • +7 701 304 0012
Соңғы жаңалықтар