Фото: Ашық дереккөз
Министр бағаның нақты қанша теңгеге арзандайтынын дөп басып айтпағанымен, бұл қадамның оң әсері болатынына сенімді.
«Мен болжам жасаумен айналыспаймын, бірақ бұл сиыр етінің бағасын тұрақтандыруға әсер ететіні сөзсіз. Ең бастысы − 2026 жыл мал шаруашылығын белсенді дамыту жылы болады. Біз екі жыл бойы өсімдік шаруашылығына барынша көңіл бөліп, жақсы өнім алдық. Енді осындай ауқымды жұмыс мал саласында күтіп тұр», деді Серік Жұманғарин Үкімет брифингінде.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 13 мың тонна көлемінде сиыр етін (жаңа, тоңазытылған немесе мұздатылған) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілген болатын.