АҚТАУ. 23 ақпан. Маңғыстау облысы – мұнай өңдеуші зауыт құрылысы үшін таптырмас орын. Есеп беру кездесуінде аймақ басшысы Алик Айдарбаев осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қазіргі таңда елімізде 4-ші мұнай өңдеу зауытын салу күн тәртібінде тұр. Еліміздегі бірқатар өңірлер бұл зауыттың өз аумақтарында болғанын қалайды. Мұндай зауытқа мекен болуға Маңғыстаудың да мүмкіндігі мол. Тұтынушылардың дені орталық пен оңтүстікте орналасқан, сондықтан Маңғыстаудың қашықта орналасуы басты себептердің бірі. Жаңа МӨЗ экспортқа бағытталуы керек десек, біздің осы тұста артықшылыққа иеміз. Иран елімен көрші, инвестициялық тартымдылығы жаңа деңгейге көтерілген, теңіз жағасында орналасқан, жаңа порттар, теміржол құрылысы өркендеу үстіндегі Маңғыстаудан қолайлы өңір Қазақстанда жоқ, – деген А. Айдарбаев, зауыттың Парсы шығанағы мен Еуропа елдеріне жеткізілетін мұнай өнімдерінің экспортын дамытуға мүмкіндік беретіндігін айтты. Сондай-ақ, әкім жаңа мұнай өңдейтін зауытты бюджет қаржысына емес, инвестиция тарту арқылы салу қажеттігін алға тартты. Мұны өзге тараптардың қызығушылығын арттыруы мүмкін екендігімен түсіндіре келе, қазірдің өзінде Қытай мен Иран елінің аталмыш құрылысқа қызығушылық танытып отырғандығын жеткізді.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет egemen.kz.
• 23 Ақпан, 2015
Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі айтылды

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05