ПЕТРОПАВЛ. 23 ақпан. Қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкерден 10 мың доллар алым талап етті деген күдікпен ұсталған петропавлдық шенеунік енді өмірінің 6 жылын абақтыда өткізетін болды. Сот осындай үкім шығарды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Былтыр мамырда қаржы полициясы облыстық және қалалық әкімдіктің бір топ жауапты тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғап, оған сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген айып таққан болатын. Олардың арасында болған құрылыс басқармасының басшысы Ратмир Усмановты сот алты жылға абақтыға кесті. Сот материалдары бойынша ол Мамлют ауданында салынып жатқан мектептің бітпеген құрылысына аяқталды деген жалған акт жасаған.Осы «қызметі» үшін жеке кәсіпкер Мұрат Харсиевтан 10 мың доллар пара алған. Сонымен бірге М. Харсиев те ұсталып, 4 жылға сотталды.
Облысты у-шуға бөлеген оқиғадан соң өңірдің сол кездегі әкімі Самат Ескендіров қызметінен босатылып, орынбасары Владимир Балахонцев те қылмыстық жаупкершілікке тартылған болатын. Алайда, оған қатысты қылмыстық іс қысқартылды.
Темір торға қамалған шенеунік пен кәсіпкер сот үкімімен келіспей, аппелациялық шағым түсірді.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: news.nur.kz.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше