Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:06

Заң мен тәртіп: 2 200-ден астам азамат құқықтық кеңес алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» жобасын іске асыруда. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң мен тәртіп: 2 200-ден астам азамат құқықтық кеңес алды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аталған жоба аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмекке қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Қазақстанның 5 өңірінде – Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарында тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша көрсеткіш 4 пайызға артқаны тіркелді.

Сонымен қатар, барып кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1 000-нан астам азамат жеке қолдауға ие болып, жоба мамандары құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша 2 200-ден астам кеңес берді.

Білім беру бағытына да ерекше көңіл бөлінді. Жобаны іске асыру кезеңінде 3 000 тұрғын үшін семинарлар, тренингтер және дәрістер ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар