ПАВЛОДАР. 21 ақпан. Павлодар облысында мектеп оқушысы кішкентай баланы өрттен құтқарды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ленин кентіндегі №33 мектептің оқушысы Зейнеп Қабылбек көрші үйдің қызыл жалынға оранғанын көріп, дереу өрт сөндіру бөліміне хабарласқан. Құтқарушылар келгенше, өрт шыққан үйге қарай жүгіреді. Есігі жабық пәтерде қалған кішкентай баланы көрген ол бар күшімен есікті бұзып кіріп, баланы алып шыққан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сол сәтте оқиға орнына құтқарушылар да жедел келіп жетеді. Апаттық медицина орталығының бригадасы 4 жасар Әлихан Сұлтанғазиевті облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне жеткізді. Қарауыл бастығы Мұрат Бектасовтың айтуынша, баланы Зейнеп Қабылбектің ержүрек әрекеті ғана құтқарып қалыпты.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: nur.kz.
• 21 Ақпан, 2015
Павлодарда мектеп оқушысы кішкентай баланы өрттен құтқарды.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше