Сурет: gov.kz
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) өтуге тиіс бірнеше айқасты бекітті. Орта салмақтың көшбасшысы, отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов (20–0, 11 КО) чемпиондық белбеуге ие Карлос Адамеске (24–1–1, 18 КО) қарсы айқасқа түсуі мүмкін. Мейірім екі жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Соңғы рет 2023 жылдың күзінде Ташкентте чилилік Хулио Аламесті жеңді. Карлос Адамес биыл ақпанда британдық Хамза Ширазбен тең түскен болатын.
Отандасымыз Ангелина Лукас (16-1, 9 КО) екінші жеңіл салмақта (52,2 кг) WBF чемпиондық белбеуін олжалады. Ол әлемдік бокс федерациясының (WBF) белбеуі үшін Дубайда өткен тартыста танзаниялық Эгине Каянгені (12-8, 8 КО) 4-раундта нокаутпен жеңді.