Оның қарсыласы – WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO).
Бұл айқас Жәнібек Әлімханұлы үшін WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді біріктіретін аса маңызды айқас болмақ.
Жәнібек Әлімханұлы бұл жекпе-жектің алдында үндеу жасады.
– Мен әуесқой бокста Азия чемпионатына, әлем чемпионатына, Олимпиадаға қатыстым, әлемнің барлық елін араладым. Енді өзімді, қазақ стилін әлемге танытатын уақыт келді, – деді Жәнбек Әлімханұлы.