08 Шілде, 2010

ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Петропавл қаласында  құр­ғақ көбік-бетон қоспалары зауытының бірінші кезегі іске қосылып, жұмыс істей бастады. Бір гектардай аумақты алып жатқан кәсіпорын үдемелі индустриялық-инновациялық жоба шеңберінде жүзеге асты. Әзірше Қазақстанда теңдесі жоқ  технологиямен жұмыс істей­тін қуатты өндіріс орны  тұрғын үй құрылысы саласына сапалы өнімдер шығаруды  межелеп отыр. Атап айтқанда, мұнда Д-200, Д-300, Д-500 маркалы  құрғақ  көбік-бетон қоспалары мен М-600  маркалы цемент жасалады. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген жағдайда өнімнің жылдық мөлшерін 50 мың тоннаға дейін жеткізу белгіленген. Қазір күніне 30 тонна өнім өндіріледі. 40-қа тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жол құрылысы үшін  бетон қоспа жасаумен айналысуда. Зауытты салуға құрылтайшылар 146 миллион, “Тобыл” ӘКК 36 миллион теңге жұмсады. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025