Аймақтар • Бүгін, 14:53

Ауылға барған дәрігерлер 8,5 миллион теңгеге дейін әлеуметтік төлем алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 10 айында 1 326 дәрігерге әлеуметтік қолдау көрсетілген. Оның ішінде ауылдық жерлерге қызмет етуге барған 801 дәрігерге 8,5 миллион – 10 миллион теңге аралығында қаржы берілген, деп жазады Egemen.kz.

Ауылға барған дәрігерлер 8,5 миллион теңгеге дейін әлеуметтік төлем алды

Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы

Денсаулық сақтау министрлігі өңірдегі кадр тапшылығын азайту мақсатында дәрігерлерге әлеуметтік төлемді көп ұсынған үздік 5 облысты атады. 

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Атырау облыстары жұмысқа орналастыру кезінде дәрігерлерге әлеуметтік көмек ретінде 8,5 млн теңгеге жететін төлем берген. 

Қаңтар-қазан аралығында 417 жас маман оқуын тәмамдағаннан кейін бірден жұмысқа орналасса, 287 дәрігер республикалық бюджет есебінен қолдау шараларымен қамтылған.

866 маман жергілікті бюджеттен, 106 дәрігер медициналық ұйымдар есебінен әлеуметтік төлем алған. Оның ішінде 248 маман дәрігер тапшы өңірлерге барған. 

Сондай-ақ 571 дәрігер баспанамен қамтылған. 

Дәрігерлерді әлеуметтік қолдау аясында ең жоғары төлемді Жетісу облысы ұсынған. Аталған аймаққа барған дәрігерлер 10 миллион теңге көмек алған.