06 Шілде, 2010

АЛТЫН АРҚАУ

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өмір және өлең Арғымақ мінген жаратып, Асыл да туған ағайым. Әлемге сәуле таратып, Аспанда жүзген арайым. Ту етіп рухын жұртымның, Көкірегінен өжет от өрген, – Тұтқасы сенсің ұлтымның Ғаламның жүгін көтерген. Ұйқыға кетсем жайланып, Көремін ылғи түсімде. Жүресің нұрға айналып, Көгілдір әлем ішінде. Даланың жыйып қуатын, Тауда өскен шынарсың. Ғасырда бір-ақ туатын, Ғасырдың ұлы шығарсың. Жеткенде бұла шағыңа, Тағдырын ойлап жерімнің, – Жайғастың алтын тағыңа, Азаттығы болып елімнің. Үстіңе жүгін мол артқан, Сен барда елің еңселі. Болашаққа көшің жол тартқан, Сенімнің сынбай семсері. Кеудесінен бір жыр басталып, Құрметтейді Сізді бәрі елдің. Кетер ең еркін басқарып, Тізгінін берсе әлемнің. Рафаэль НИЯЗБЕК. АЛМАТЫ.
Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025