Қоғам • Бүгін, 16:26

Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризмнің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған 41 елден 251 мүшені біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянсқа (World Tourism Alliance, WTA – үкіметтік емес ұйым) 2025 жылы Алматы толыққанды мүше болды, деп жазады Egemen.kz.  

Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды

Фото: Қала әкімдігі

WTA – мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерін және сарапшылар қауымдастығын біріктіреді, халықаралық туризмді дамытуға ықпал етеді, зерттеулер жүргізеді, кеңес береді, маман даярлау ісімен айналысады. Сондай-ақ мемлекеттік және жеке сектор арасындағы кооперацияны нығайтады.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Ханчжоуда (ҚХР) WTA Сянху – 2025 іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара шеңберінде Алматыға Альянс құрамына қабылданғанын растайтын сертификат ресми түрде табысталды.

WTA құрамына қабылдану Алматының халықаралық серіктестігін күшейтіп, жаһандық сараптамалық ортаға жол ашады және қаланың туристік әлеуетін ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер туғызады.