Астанада Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) Мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі 27-ші отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Ақордада шағын және кеңейтілген құрамдарда өткен отырыстарға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, өтпелі кезеңдегі Қырғызстан Президенті Роза Отунбаева, сондай-ақ ЕурАзЭҚ жанындағы бақылаушы болып табылатын мемлекет – Армения Президенті Серж Саргсян қатысты.
Жиынды ашқан ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отырысқа қатысушыларды мерейлі дата – Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы құрылуының 10 жылдығымен құттықтады.
Мемлекет басшысы 2000 жылы Астанада Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы президенттерінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы Шартқа қол қойылғанын атап өтті.
– Бұл Шарт – ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер лидерлерінің ұмтылысын және біздің мемлекеттер азаматтарының арман-тілегін жүзеге асырған, кең ауқымдағы мемлекетаралық ынтымақтастық міндеттерді шешудің және мақсаттарына жетудің тетігі болуға тиіс өңірлік халықаралық ұйым – ЕурАзЭҚ-тың құрылуына құқықтық негіз қалады. Құрылған сәттен бергі 10 жылдан соң біз ЕурАзЭҚ-тың бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барынша табысты интеграциялық ұйым болғанын сенімді түрде айта аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Отырыс барысында ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің басшылары ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 2009 жылғы қараша айында Минск қаласында өткен 24-ші отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпаратты тыңдады. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты дамытудың барынша өзекті проблемалары мен келешегіне, Кеден одағының толыққанды жұмыс істеуіне және оған қатысушылардың Бірыңғай экономикалық кеңістігін құруға қатысты мәселелерді талқылады.
ЕурАзЭҚ-тың онжылдық тарихының нәтижелері таңдандыратыны атап өтілді. Бүгінде ол – қатысушы мемлекеттердің экономикада, ғылымда, білім беруде, мәдениетте, әлеуметтік салада және басқа да қызмет салаларында интеграциясын тереңдете түсу үшін нақтылы алаң.
ЕурАзЭҚ аясындағы жұмыс жылдарында біздің елдеріміз ынтымақтастығының ауқымды нормативтік-құқықтық базасы қалыптасты. Қоғамдастықтың ТМД кеңістігіндегі сауда-экономикалық қатынастардың жалпы құрылымындағы маңызы артты.
Қатысушы мемлекеттер ЕурАзЭҚ аясында қолға алған іс-әрекет жаһандық қаржы және экономикалық дағдарыстың қиын кезеңінен сәтті өтуге септігін тигізді. Осы мақсатта Дағдарысқа қарсы қор құрылды. Қаржы дағдарысының келеңсіз салдарын еңсеру жөніндегі Бірлескен шаралар жоспары жасалып, іске асырылып келеді.
Мемлекеттер басшылары ЕурАзЭҚ аясында осы саладағы инновациялық саясатқа және ынтымақтастыққа зор мән береді. Негізгі мақсаты ғылыми-техникалық бағдарламалар мен инновациялық жобаларды бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру болып табылатын Жоғары технологиялар орталығы құрылды.
ЕурАзЭҚ-тың онжылдық тарихының ең басты жетістігі, сөз жоқ, Кеден одағы қалыптасуының аяқталғаны болып табылады, оның аясында Бірыңғай кеден тарифтері әрекет етіп, Кеден кодексі туралы Шарт қабылданды. Интеграцияның келесі кезеңі – Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын құру туралы мәселе қазірдің өзінде белсенді қарастырылуда.
Қоғамдастық аясындағы ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан халықаралық мойындауға ие болды. ЕурАзЭҚ-тың БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесі бар. Қоғамдастық сондай-ақ ТМД, ҰҚШҰ, Еуропа Одағы, ШЫҰ, АӨСШК, БСҰ, ЕДҚБ, АДБ және басқа да ұйымдардың құрылымдарымен өзара ықпалдасуда.
Отырыс барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшыларының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылуының 10 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сондай-ақ Кеден одағы аясындағы істерді қарау жөніндегі Қоғамдастық Сотының құзыретін кеңейтуді көздейтін ЕурАзЭҚ Сотының жаңа редакциядағы Статуты қабылданды.
Бұл отырыстың айтулы оқиғасы мемлекеттер басшыларының Кеден одағының Кедендік кодексі туралы Шарттың күшіне енгендігі жөніндегі Бірлескен мәлімдемесі болды.
Тараптар Астанадағы кездесудің нәтижелеріне қанағаттанғандық білдіріп, Қоғамдастық аясындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайта түсу бойынша мақсатты және сарабдал саясатты жалғастыра беретіндігін айтты.
Отырыс соңында президенттер БАҚ өкілдері үшін қысқаша мәлімдемелер жасады.
• 06 Шілде, 2010
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық: ОН ЖЫЛДЫҢ ЕРЕН НӘТИЖЕЛЕРІ

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025