Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Елорданың он екі бірегей ғимараты Астана құрдастары үшін” атты жемісті жүзеге асырылған бағдарламаның аясында қаланың ең әсем ғимараттарын аралап көрген елорда құрдастары – балалармен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Мұндай ең танымал ғимараттардың қатарына “Қазақстан” орталық киноконцерт залы, Тұңғыш Президенттің Интеллектуалдық мектебі, “Бәйтерек” кешені, Назарбаев университеті, “Астана Арена” жабық стадионы, “Қазақ елі” монументі, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, “Шабыт” шығармашылық сарайы, сондай-ақ “Думан” және “Керуен” ойын-сауық кешендері жатады.
Сол күні балалар Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында болып, Ақордадағы залдарды аралап көрді.
– Қазіргі уақытта Астанада балаларға арналған Тұңғыш Президенттің Интеллектуалдық мектебі ашылды. Оны бітіргеннен кейін оқуды жаңа халықаралық университетте – Назарбаев университетінде жалғастыруға болады. Ондағы білім деңгейі әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан кем түспейді, – деп атап өтті Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесу кезінде.
Президент дене шынықтырумен және спортпен айналысудың маңыздылығын атап өтті.
– Біз сендер бақытты және білімді азамат болып шығуларың үшін бәрін жасаймыз, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент оқушыларға терең білім меңгеріп, келешекте Отанымыздың лайықты азаматы болу үшін алға ұмтылуларың қажет деген игі тілегін білдірді.

Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Кеше
Ауа райы • Кеше
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Кеше
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Кеше
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Кеше
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Кеше