фото: openai.com
Компания мәліметінше, жаңа үлгілер бүгіннен бастап жұмыс істей бастайды. Алдымен ақылы жазылым иелеріне, кейін барлық пайдаланушыларға қолжетімді болады.
Жаңартуда екі бөлек нұсқа ұсынылған:
-
GPT-5.1 Instant – ChatGPT-де ең жиі қолданылатын модель. Енді ол «ақылдырақ болып, пайдаланушының нұсқауларын жақсырақ түсінеді».
-
GPT-5.1 Thinking – ойлау және талдау қабілеті күшейтілген нұсқа. Ол қарапайым тапсырмаларды тезірек орындайды, күрделі жағдайларда тұрақтырақ жұмыс істейді және жауаптарын нақтырақ береді.
Пайдаланушылар үшін бұл — жауаптардағы «машиналық тонның» азаюы және ChatGPT-дің сөйлеу мәнеріндегі икемділіктің артуы дегенді білдіреді.
GPT-5 үлгісінің алдыңғы нұсқалары шамамен үш ай бойы қолжетімді болып қалады. Пайдаланушылар екі нұсқаны салыстырып, бейімделе алады.