Шаруашылық • Кеше

Маңғыстауда түйе сүтін өндіретін жаңа цех іске қосылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған өңірде «Қарағантүбек» серіктестігі жалпы құны – 600 млн теңгені құрайтын, түйе сүтін сауып әрі өңдейтін жаңа цехты іске қосып отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 400 тонна түйе сүтін өңдеуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz

Маңғыстауда түйе сүтін өндіретін жаңа цех іске қосылды

Фотолар: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Басты артықшылығы – сауу процесінің толық автоматтандырылған технологиясын қолдануы, бұл – өнімнің сапасын және гигиеналық талаптардың жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз етеді.

gov.kz

Қондырғылар Германиядан әкелінген және заманауи халықаралық азық-түлік өнеркәсібі стандарттарына толық сәйкес келеді.

gov.kz

Аймақтың климаттық ерекшеліктері мен су тапшылығын ескере отырып, кәсіпорын өзіне қажетті суды дербес жүйе арқылы қамтамасыз етеді. Өндірістік мақсатта 150 метр тереңдікте ұңғыма бұрғыланған, ал алынған су көп сатылы сүзу және тазарту жүйесінен өтеді.