Ауа райы • Бүгін, 11:14

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері Республика бойынша жаңбыр мен қар күтіледі, ал 13 қараша күні шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр мен қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Синоптиктердің мәліметінше, ел бойынша тұман, көк тайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда боран соғады. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ауа температурасы болжамы:

  • солтүстікте: түнде –5…–12°, күндіз 0…–6°;

  • солтүстік-батыста: түнде –2…–10°, күндіз 0…–5°;

  • орталық өңірлерде: түнде –3…–13°, күндіз –6…+3°;

  • шығыста: түнде –8…–20°, күндіз 0…–10°.

Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.