Оқиға • Бүгін, 17:40

Оқу-ағарту министрі Жазушылар одағы басшысымен кездесті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі мен Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы кездесіп, білім мен шығармашылық саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрі Жазушылар одағы басшысымен кездесті

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов кездесу барысында мектеп бағдарламасындағы қазақ әдебиетінің рөлін арттыру, жас жазушыларды қолдау және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын күшейту секілді мәселелерді талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын сөз етті.

Министр Жұлдыз Сүлейменова білім беру мазмұнын жаңарту барысында ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттаудың маңызды екенін атап өтті. Ал, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы жас буынның рухани дамуы мен көркем әдебиетке жақын болуына жазушылардың да белсенді үлес қосатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ынтымақтаса отырып ортақ іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.