Фото: ОКҚ
Нақты атағанда, осы жылғы жол-құрылыс маусымында 9500 шақырым республикалық маңызы бар автожолдардан – 2900 шақырым жолда қайта жаңарту және құрылыс жобалары, 460 шақырым жолда күрделі жөндеу, 5100 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жыл басталғалы 2 мың шақырымда жұмыстар аяқталып, қолданысқа берілген.
Спикердің айтуынша, биылға жоспарланған маңызды жобалардың бірі – «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, 415 шақырым жолда қозғалыс ашылып отыр.
«Қараша айының басында Ақтөбе облысында I санаттағы «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» учаскесінің 28 шақырымдық бөлігін ашамыз. Қызылорда облысында II санаттағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолының ұзындығы 192 шақырымдық учаскесі пайдалануға беріледі. Ал Ұлытау облысында «Қызылорда-Жезқазған» жобасы аясында 40 шақырым жол салынды», деді Д.Иманашев.
Сондай-ақ, Алматы облысында ұзындығы 67 шақырымды құрайтын I санаттағы «Құрты-Қапшағай» учаскесінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілмек.